Семей. 30.09. “Semeyainasy” – Семей үшін қала көшелерінің жарықтандыру мәселесі әрқашанда өзекті. Тұрғындар кешкі уақытта қала бойынша жаяу да, көлікпен де жүру өте қиын деп шағымдануда. Жақында қала әкімі Бақытжан Байахметов «Көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша мердігер ұйым өкілдерімен кездесті. Қала басшысының айтуынша, қазіргі уақытта алты көшеде жұмыс бастау үшін жинақтаушылар дайын.
–Бірінші кезекте, біз Березовский кенті мен РСУ кентіне апаратын негізгі жол Туристический көшесі бойынша жарықтандыру жұмыстарын бастаймыз. Мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жер учаскелері бойынша келісім дайындауды тапсырдым. Жалпы, жоба бойынша 7 659 шамды (136 көше), 687 тіректі, 2 602 кронштейнді, 130 шақырым сымдарды ауыстыру, 196 дана басқару шкафын орнату жоспарланған, – дейді әкім.
Бүгінгі күні 103 көшеде 5 580 шам орнатылды. Бұл жалпы жалпы қажеттіліктің 73%-ын құрайды. Сондай-ақ, бұрын хабарлағанымыздай, «Everlight» компаниясы шығарған 978 шамды орнатумен жобаға қосымша 32 көшені қосу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта «ОЭСК» АҚ 32 көше бойынша сымдарды тарту, тіректерді орнату бойынша жұмыстарды бастады.


–Сондай-ақ, «Горсвет» ЖШС қызметкерлері «ОЭСК» АҚ бірлесіп тағы 17 көше бойынша комиссиялық тексеру жүргізді. Қала көшелерін жарықтандыру мәселесін ерекше бақылауда ұстаймын, – деп әкім қорытындылады.
Айя Канатова
«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.

 2,890 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *