Семей. 28.08. “Semeyainasy”
8aca0e00-c805-41f4-a2b9-730d4614a01c
Әлемнің 63 мемлекетінен келген 1300-ден астам қатысушы жеңісті қолдан бермес үшін күресті. Нәтижесінде Семейдегі электротехникалық колледждің студенті Әли Әскерханов Juniorskills WordSkills Kazan 2019 чемпионатында “Пилотсыз авиациялық жүйені басқару” аталымын ұтып алды. Ал Семейдегі электротехникалық колледждің студенттері Исажан Раисов пен Александр Бетцольд байқауда мехатрониканы жетік меңгергендерін көрсетіп, “Medallion for Excellence” және “Best of national” медалімен марапатталды.
Осылайша, команда қатысушыларының еңбегімен чемпионаттың төрешілері біздің жерлестерімізге жоғары баға берді. Сөйтіп жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 14 орынды иеленді. 2017 жылы Абу-Дабиде өткен әлемдік чемпионатта қазақстандықтар 24-і орынды иеленген болатын. Ал осы жолғы чемпионатта біздің құраманың мүшелері дайындықтарының мықты екенін көрсетіп, алдыңғы қатардан көрінді.

 435 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *