Семей. 17.08. “Semeyainasy” – Семей өңірінің ауылдық округтерінің мәселелері бітпейді. Жыл сайын мұндағы тұрғындар су, жол, электроқуат, қоқыс және тағы басқа мәселелерге шағымдануда. Осыған байланысты әкімі Бақытжан Байахметов ауылдық округтерін аралап шықты. Ол жұмыс сапарымен Достық және Жиенәлі ауылдық округтерінде болып, онда бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, Шақаман және Бөкенші ауылдарындағы абаттандыру жұмыстарының барысын қарады.
Шақаман ауылының халық саны 1200-ден астам адамды құрайды. Бүгінгі таңда мұнда сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүріп жатыр.
–Құрылыс – монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаражат толық көлемде бөлінді. Қазірдің өзінде 5,5 км желі салынды, бұл барлық жұмыс көлемінің 25% – ын құрайды. Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін барлық жұмыстар аяқталуы қажет. Бұл жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – дейді әкім.
Ауылдық округ әкіміне қоғам өкілдерімен және ауыл ақсақалдарымен бірлесіп, орындалып жатқан жұмыстардың сапасын бақылау тапсырылды.
Ал Бөкенші ауылының тұрғындары ауызсумен толық қамтамасыз етілген. Бірақ, көптеген ауылдық округтердегідей, мұнда да ауылішілік жолдар бойынша біраз мәселелер бар. Округ әкіміне жолдарды жөндеу бойынша жоба әзірлеп, ұсыныстар енгізу тапсырылды.
– Бөкенші ауылында өткен жылы ауылдың орталық көшелеріне жарықтандыру жүргізілді, бірақ тағы бірнеше көше жарық тартуды қажет етеді. Сондықтан осы мақсаттарға қаражат қарау мүмкіндігі қарастыру үшін әкім тиісті есептеулерін ұсынуы қажет, – деп айтты Байахметов.
Биыл мұнда шағын футбол алаңын салуды жоспарлап отырмыз, қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүріп жатыр, мердігер анықтағаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады.
Айя Канатова
«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.
735 всего, 3