HFGL6tTOBqA

Семей.02.05.”Semeyainasy” – Семейде Қазақстан халқының Бірлігі күні жаңа форматта аталып өтті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан тұңғыш рет “Бейбітшілік аралында” өткізілген шараға, қаланың 5 мыңға жуық тұрғыны келді.

Рекреациялық алаңдарда және әлем стеласында концерттік бағдарламалар, халық ойындары, спорттық жарыстар, сондай-ақ диаспоралардың мәдениеті мен дәстүрі туралы баяндайтын этномәдени бірлестіктердің көрмесі ұйымдастырылды.

– Қазақстан халқының бірлігі күні- достық, бейбітшілік және тұрақтылық мерекесі. Бірліктің арқасында көпұлтты еліміздегі бейбіт өмірдің куәсі болып табыламыз. Біздің сүйікті қаламызда 80-нен астам ұлт пен ұлыс өкілдерін біріктіретін Достық үйі жұмыс істейді. Ол шаңырақтың астында 22 ұлттық этномәдени орталық жұмыс істейді. Мереке күні баршаңызға денсаулық, игілік және бейбіт аспан тілеймін, – деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Қала тұрғындары ән айтып, көңіл көтеріп, мемориалдық кешенге жақын жерде ақындар айтысын тамашалады. Қазақстан халқының бірлігі мен достығын жырлаған сөз шеберлері халық ықыласына бөленді. Этномәдени орталықтар қала тұрғындары мен қонақтарына өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынып, мерекеге 200 литр қымыз әкелінді.

– Қазақстан халқының бірлігі күні-біз үшін ең басты мереке, – деді “Возрождение” неміс қоғамдық бірлестігінің төрағасы Лилия Гончарук. – Бұл біздің бірлестіктің мерекесі. Қазақстанда тұратын барлық немістер жақсы өмір сүреді, бізге ешқайда кетудің қажеті жоқ. Қазақстан Туған Жер-Отанымыз!

Сонымен қатар, әлем стеласында жас суретшілерге арналған алаң ұйымдастырылды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Фото: Семей қаласының ақпараттық орталығы

 426 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *