IMG_1399

Семей.03.03.”Semeyainasy” – Семей спорт академиясының ұйымдастыруымен дзюдо күресінен 2007 – 2008 жылы туған ұлдар және қыздар арасында ашық біріншілік өтті. Біріншіліктің мақсаты – дзюдо күресін насихаттау, спортқа енді қадам басқан балғындардың шеберлігін шыңдау, достыққа тәрбиелеу және бапкерлер арасында өзара тәжірибе алмасу. Жарыстың салтанатты ашылуында самбо күресінен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Семей спорт академиясының директоры Мерейғалы Көшкінов болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі. Бүгінгі жарыс сіздер үшін жеңісті жолдарыңызды бастауы болсын деген лебізін білдірді.

IMG_1303

Ұлдар да, қыздар да 10 салмақ бойынша бақтарын сынады. Жарысқа Ресейден, Астана, Алматы қаласы, Алматы, Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер, Курчатов қалалары және Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Көкпекті, Тарбағатай, Үржар, Ұлан, Шемонаиха аудандарынан жиыны 685 бала бақтарын сынады. Дзюдо күресінің әліппесін енді ашқан балар үшін бұл әзірге ең үлкен жарыстары. Екі ірі қала, екі облыс пен ШҚО-ның барлық қаласы мен аудандарын жинай білген жарыстың беделі жыл өткен сайын биіктей бермек. Расында, Семей спортының ұстаханасы – Семей спорт академиясы. Оған дәлел 700-ге жуық балғын спортшылардың біріншілікте бақ сынауы.

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.  

 430 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *