Нұр Отан кубогі

Семей.02.11. “Semeyainasy” – Дебат ойындары – сөзді «қиыннан қиыстыратын» тіл жүйріктерінің өнер жарысы, сөз сайысы. Кез келген тақырыпта өз ойларын еркін жеткізіп, қоғамда болып жатқан түйіткілді мәселелердің шешімін табуға талпынатын белсенді жастардың қауымы. Осыған орай елімізде сөздің қасиетін шебер меңгерген ораторларды бір жерге тоғыстырып, өз араларында мықты фракциялар мен ең үздік спикерлерді анықтау үшін жыл сайын Қазақстанның әр түпкірінде пікірсайыс турнирлері өткізіледі.

Міне осы аптаның 4-5 қараша аралығында пікірсайысшылар үшін ең маңызды дода Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған XV Республикалық пікірсайыс турнирі өтеді.

Айта кетерлігі жарыстың негізігі шарттарының бірі – 1 орын иеленген жеңімпаздардың аймағы ғана дәл осы турнирді келесі жылы өткізу мәртебесіне ие бола алады.

Былтыр Елордамыз Астана қаласында 14-ші мәрте ұйымдастырылған турнирде жеңістің ең биік тұғырынан көрінген Еламан Әбдіманап, Динара Тілеубек қарсыластарын барлық раундтарда шаң қаптырып, Алматы қаласының абыройын асқақтатып, жеңіспен оралған еді.

Биыл осы турнирде тамыры тереңге жайылған тарихы бар Семей қаласының «Конгресс» дебат клубының мүшелері «Абайдан екеу» фракциясы: Қуаныш Молдақашев пен Асылмұрат Барақбай ШҚО намысын қорғайтын болады. Осыған дейін бұл пікірсайысшылар талай Республикалық турнирлерде топ жарып, жүлдегер атанған.

Әр облыс өздері жарысқа қосқан дүлділдері чемпион атанғаның қалайтыны айтпаса да түсінікті. Алайда «Шын жүйрікке тұсау жоқ» демекші, нағыз мықты азаматтар жеңіске жетсін. Олай болса Семейлік жерлестеріміздің бағы мен бабы қатар шауып, жүлделі орыннан көрінуіне шын жүректен тілектеспіз.

Ғанибек Түсіпбек

 317 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *