Семей. 23.12. “Semeyainasy” – Олардың бірі – жүк тасымалы көпірі, жобаның құны – 33,2 млрд теңге және екіншісі – Семей қаласын айналып өту жолы, 82,3 млрд теңге, жалпы инвестиция көлемі – 115,5 млрд теңге. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.
– Былтырғы жылы техникалық-экономикалық негіздемеге облыстық бюджеттен 55,2 млн теңге бөлінген. Тапсырыс беруші – ШҚО автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасы. Жоба одан ары жүзеге асыру мақсатында Индустрия және инфроқұрылымдық министрлігіне жолданды. Ұзындығы 51,5 шақырымды құрайтын айналма жол, қаланың батыс бағытында қарастырылған, жол құрылысы 2 техникалық санатта, екі бағытта, 6 көліктік байланыс, 3 көпір және 2 жол өткелі болады, – деп хабарлады Бақытжан Байахметов.
Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде 5,2 млрд теңгеге «Сергек» бейнебақылау жүйесін енгізу жоспарлануда. 1 391 бейнебақылау камералары қаланың 40 қиылысына және 74 желілік учаскеге, сондай-ақ 687 камера халық көп жиналатын орындарға, әлеуметтік нысандарға, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына орнатылмақ.
Semeyainasy.media
«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.
1,470 всего, 9