Семей. 23.12. “Semeyainasy” – Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.

–           Жалпы, қала бойынша 328 мың шаршы метр алаңдағы көпқабатты 65 тұрғын үй тұрғызылуда. Биылғы жылы 66,6 мың шаршы метр алаңдағы 15 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 8-і несиелік, 7-і коммерциялық үйлер. Жыл соңына дейін тағы 11 үйді пайдалануға беру жоспарлануда, жалпы алаңы – 58,8 мың шаршы метр. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде жеке инвесторлар есебінен 53 жеке тұрғын үй бой көтерді, жалпы алаңы – 6,8 мың шаршы метр, жыл соңына дейін 4,9 мың шаршы метрді құрайтын тағы 20 жеке тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, – деп мәлімдеді Бақытжан Байахметов.

Алдағы жылы жалпы алаңы 204,5 мың шаршы метрдегі көпқабатты 39 үйдің құрылысы аяқталады. Олардың 20-ы несиелі үйлер (жалпы алаңы – 106,2 мың шаршы метр), 2-і сатып алу құқығынсыз жалданбалы үйлер (10,5 мың шаршы метр) және 17 коммерциялық үйлер (87,8 мың шаршы метр).

 Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

 696 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *