Семей. 23.12. “Semeyainasy” – Бүгінгі таңда қала маршруттарында 3 кәсіпорын қызмет көрсететіні айтылды, олар: «Таксопарк» ЖШС – 13 маршрут бойынша (128 бірлікте автобус), «Семавтопарк» ЖШС – 9 маршрутта (олардың алтауы конкурс өткенге дейін уақытша, 70 бірліктегі автобусы бар) және «АвтоТрансСемей» ЖШС – 18 маршрутта (176 бірлікте автобус, олардың 143 меншік, 33 бірлігі жалданбалы).

–           2019 жылға дейін 50 маршрут болған, 13 маршрут қысқарды, жаңа 3 маршрут қосылды. Бүгінгі күні қалада 40 маршрут бар. Тасымалдаушылар жүргізген талдау бойынша, қала маршруттарында қызмет көрсететін автобсутардың саны жолаушы тасымалын толықтай қанағттандырады, – деп атап өтті қала басшысы.

Сонымен қатар Бақытжан Байахметов қала басшылығы тұрақты түрде жолаушы тасымалы жұмысын бақылауда ұстап, мониторингтер жүргізіліп отыратынын айтып өтті.

 Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

 636 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *