Семей. 24.12. “Semeyainasy” – Семей әкімі Бақытжан Байахметов Морозов көшесінің тұрғындарымен кездесті.
– Мен бұл көшені үнемі тексеріп, жұмыс барысын бақылауда ұстадым. Бұрын бұл көшеде ешқашан жарық болмаған. Қала тұрғындары осы ауданда жиі болатын жол-көлік оқиғаларына шағымданатын, бірақ біз бұл мәселені шештік. Жол полициясы бекетінен бастап Мичурин көшесіне дейінгі барлық көше жарықтандыруға қосылды. Жалпы, биыл 5500 жарық нүктесі мен 23 шақырым электр сымдарын ауыстырдық. 400 металл, темірбетон жарықтандыру тіректері орнатылды, – дейді әкім.

Тұрғындардың бастамашыл тобымен кездесу барысында, олар Морозов көшесіне іргелес жатқан, жарығы жоқ Восточная көшесі туралы айтып берді. Бұл ата-аналарға көп алаңдаушылық тудырады, себебі аталған көшеде Электротехникалық колледж орналасқандықтан, сабақтан балалар үйге кеш оралады.
– Менің ойымша, бұл бірінші кезектегі өзекті мәселе, сондықтан жыл соңына дейін біз бұл көшені жарықтандыруға қосуға тырысамыз. Бұл үшін тек 5 тірек қажет, – деп сендірді қала әкімі.

Сонымен қатар, тұрғындар жолды жөндеуді сұрады, өйткені мұнда көктем мен күз басталысымен батпақ пайда болады. Мен бұл сұрақты бақылауыма алдым.
Қала тұрғындары Морозов көшесінде су тарататын құдықтардың аздығын, әрі тұрғылықты жерлерінен алыс екенін атап өтті. Аялдамаларға дейін ұзақ жүруге тура келетін мәселелер де бар. Ал Московская көшесінде аялдама мүлде жоқ. Барлық айтылған мәселелер ағымдағы және алдағы жылға арналған жоспарға еңгізілді.

Айя Канатова

 556 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *