Семей. 11.09. “Semeyainasy”. Шәкәрім университетінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдау аясында жалпықазақстандық ашық  диктант өтті.

   «2019 жыл-жастар жылы» деп аталатын диктанттың негізгі мазмұны Елбасының жолдауындағы жастарды қолдау,оларға бағыт бағдар көрсетумен қатар жұмыспен қамту аясындағы «Бизнеспен жол картасы», «Жұмыспен қамту- 2020» , «7-20-25» бағдарламаларының жастар үшін жұмыс ститіндігі жөнінде баяндалды.Осы сарындағы Елбасы жолдауын Шәкәрім жастары латын әліпбиінде, ашық диктант ретінде жазды.

 « Бүгін Шәкәрім университетінде бүкіл Қазақстандық  латын әріпімен диктант өткізілді.Бұл диктантқа университеттің 100 ден аса студенті қатысты.Бәріде бір келікі жазып,жұмыстарын өткізді.Диктанттың мәтіні аса күрделі емес,бұл жылда дәстүрге айналған биыл үшінші жыл өткізіліп отырған бүкіл қазақстандық диктант жұмысы.Диктант мәтіні жеңіл болғандықтан барлығы да жұмыла жазды,ешбір қиындық тұа қойған жоқ,диктант барысында студенттер тарапынан сұрақтар қойылған жоқ себебі жазылу тәртібі алдын-ала ескертілді, олардың қандай тәртіппен жазатындығы айтылған болатын.Нәтижесін тексерістен кейін көреміз»,-деді қазақ тілі мен әдебиет каферасының аға оқытушысы  Төлеуғазы Каментайұлы.

   Үшінші жыл өткізіліп отырған жалпы Қазақстандық ашық диктант жастардың латын қаріпін қабылдауына қабілетті екенін жыл өткен сайын дәлелдеп келеді.Қоғамдағы саутсыздықты жойып,латын әліпбиін жылдам меңгеруге Республикалық ашық диктант өз септігін тигізіп отыр.

Нұрзат Ғалбият

 751 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *