0864cbc5-0bce-435b-9a65-fa59456df60a

Семей.29.07.”Semeyainasy” – Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтың әлеуметтік желідегі парақшасында Мичурин көшесі бойынша көптеген сауалдар қойылады. Солардың  бірі – отырғызылған ағаштардың қурап қалуы. Осы мақсатта, қала әкімі Ермак Сәлімов көшенің қазіргі тынысымен танысты. Бүгінде 560 ағаш отырғызылып, оның 65 белгілі бір себептермен қурап қалған. Мамандардың айтуынша, ол уақытылы суғарылмағандықтан емес, түбінен өсіп бас жағынан қурап жатқан белгісіз аурудың пайда болғанынан дейді. Осы ретте, қала әкімі тез арада аурудың себебін анықтап, қыркүйек айында жаңа көшеттерді отырғызуды  міндеттеді. Аталған көше бойынша қойылатын тағы бір сауал – жолдың  толық жөнделуі мен жарықтандырылуы.

Ермак Бидахметұлы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компаниямен кездесті. Аталған жоба осы жылдың шілде айының аяғында аяқталуы керек болатын. Алайда, жаңбыр суының толассыз жауғандығынан жол жиегіндегі тратуарлар бастапқы қалпын сақтамай, үгітіліп жатыр. Ермак Бидахметұлы бұл мәселені сынға алды. Қосымша 10 күн уақыт беріп, осы аралықта толық жөндеу жұмысын аяқтауды қатаң түрде ескертті.

  Әлеуметтік желі арқылы осы көше бойынша көптеген сауалдар жолданады. Жол жиегіндегі тратуарлар, көшеттерді отырғызу жұмыстары,  жарықтандыру мәселесі қайта қаралуы тиіс. Жұмыс барысын назарға алып, қатаң бақылауда ұстаймын. Бізге бос сөз емес, сапалы жұмыстың аяқталғаны керек,- деді қала әкімі Е. Сәлімов.

Жұмыс барысында қала әкімі көше бойында орналасқан дүкеннің сыртқы және ішкі жөндеу жұмыстарына байланысты ескерту жасады.

   Бұл жол арқылы Ресейден жолаушылар көп қатынайды. Ал, мына дүкеннің сыртқы және ішкі  көрінісі өте нашар. Сол себепті, күрделі әрі дереу жөндеу жұмысын жүргізу үшін  дүкен қожайынына ескерту жасалды. Ескерту ескерусіз қалған жағдайда, айыппұл салынатын болады, – деді Е. Сәлімов.

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 

 633 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *