d403bca7-a59e-4b0e-b577-a86badc51f55

Семей.27.07.”Semeyainasy” – Акция барысында Семейдің «Бейбітшілік» аралы  мен Мирный кентінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

– Шараға жергілікті атқарушы билік өкілдері, депутаттар, мекеме қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысып жатыр. Ортақ мақсат-қоршаған ортаны таза ұстау және табиғатты құрметтеу, – деді Семей қаласының  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің   басшысы Амантай Өтелбаев.

Жиналған қоқыстар оның ішінде шыны бөтелкелер мен пластиктер арнайы қатты тұрмыстық қалдықтарды өндейтін полигонға жіберіліп, қайта өңделеді.

         Айта кетейік, экологиялық акция әр сенбі сайын өткізілетін болады.

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 557 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *