IMG-20190426-WA0130

Семей.26.04.”Semeyainasy” – Семей қаласының зиялыларымен өткен кездесуде ҚР Президенті ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы қажет екенін мәлімдеді.

-Абай, шын мәнінде, қазақ болмысының айнасы. Ақынның дара тұлғасы – халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Дүниежүзі әдебиетінде Абай сияқты ақын, ағартушы, ойшыл, сыншы кемде-кем. Абай, шын мәнінде, қазақтың біртуар перзенті,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы
алдағы жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толатынын еске салып, осы айтулы датаны мемлекеттік деңгейде атап өту керектігін жеткізді.

-Біз үшін бұл мерейтойдың маңызы ерекше. Тарихи датаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек.
Үкіметке Абайдың мерейтойына қажетті шаралар әзірлеуді тапсырамын. Жидебайдағы кешенді жаңғыртып, инфрақұрылымды қалпына келтіру қажет.Хакім Абайдың туған жері дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін туристерді қарсы алуға лайықты ірі орталыққа айналуы тиіс.

Кездесу барысында Қ. Тоқаев қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытуға байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

-Облыс басшылығына 2025 жылға дейін Семей қаласын дамытудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл қала дамуының міндеттерін қысқа мерзімді келешекте өзектендіруге мүмкіндік береді. Семей қаласында ірі машина жасау кәсіпорыны жұмыс істейді. Өнеркәсіптік әлеуетті барынша пайдалану қажет.

Сонымен қатар мемлекет басшысы қаланың инфрақұрылымы жөнінде сөз қозғады.

-Қоғамды толғандыратын тағы бір мәселе- бұл Семей қаласының көпірлері мен жолдарының сапасы. Жолдарға байланысты бірқатар жұмыстар атқарылды. Осы орайда облыс әкімнің еңбегің атап өткен жөн. Бірақ бүгінде үш көпірдің екеуі апатты жағдайда тұр. Бұл мәселені тез арада шешу қажет.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы полигон зардабын тартқан азаматтарға жасалатын жеңілдік лайықты деңгейде болу керектігн атап өтті.

-Қазір Семей полигонындағы ядролық сынақтың тауқыметін тартқан тұрғындарды қорғау және оңалтуға арналған бұған дейінгі шаралардың тиімділігі жөнінде арнайы зерттеу жүргізілуде.
Жыл соңына дейін полигон аймағындағы тұрғындар мен олардың ұрпақтарына ядролық сынақтардың тигізген зиянын нақтылап, әлеуметтік кепілдіктердің көлемін анықтаймыз.

Жұмыс сапарының соңында президент Семей қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады. Мемлекет басшысы жаңадан салынып жатқан Қарағайлы шағын ауданында болып, жедел жәрдем ауруханасының жұмысымен танысты.

Инфоцентр г. Семей

 363 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *