e8298ea6-8b02-4fd6-8f37-3060e22f8de9

Семей.-1.02.”Semeyainasy” – Абайдың «Жидебай-Бөрлі» мемлекеттік қорық-мүзейінде «Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенбаев Сағындық Бекқалиұлының «Өнегелі өмір өрнектері» атты кітабының тұсаукессер кеші өтті.

Тұсаукесер кешке жиналған оқырмандардың дені зиялы қауым өкілдері,еңбек ардагерлері,ғылыми қызыметкерлер мен жастар болды. «Ақылдастар» қоғамдық бірлестігі 2018 жылы 15 тамызда құрылған.Қоғам бастамасымен «Ұлы отан соғысының батырларына тағызым!» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ғылыми-танымдық конференция және тағы да басқа дәстүрлі жиындар өткізіліп келеді.Оқырман қауымға өңірдегі 13 ауданнан келген 120 ардагерді қамтитын бірлестіктің төрағасы, «Өнегелі өмір өрнектері» кітабының авторы Бейсенбаев Сағындық Бекқалиұлының өмір баяны таныстырып өтілгенен кейін сөз кезегін алған автор,көпшілікке ұсынған кітабының мақсат,мүддесі жайында өз ойын білдіріп жастарға рухани тәрбие беретін кітапта ақсақалдардың өмір өрнектері баяндалып,мерей тойлардағы арнау тілектерді де қамтылған деп өмір өрнектері жазылған кітаптың тұсау кесер кешіне келген көкірек көзі ашық қауымға алғысын білдірді.Еңбек және тыл ардагері Сұлтанов Кәрімбай оқырман ретінде кітапқа баға беріп,жас талғамайтын кітаптың қазақтың рухани дүниесіне берері мол,кітапта ақсақалардың жасаған жұмыстары мен газет,телевизияға шыққан еңбектері қамтылған, болған істі баяндайтын ерекше тұынды екенын атап өтті.Шара барысында  көптеген ақсақлдар мен жиынға келген зиялы қауым сөз сөйлеп,авторды құттықтап,арнау өлеңдерді де оқып жатты. «Өнегелі өмір өрнектері» кітабының  тұсауын   Молдаберген Болатұлы мен Ахмадиев Ахметкәрім кесті.Тәрбиесі терең тамаша тұындыны Бейсенбаев Сағындық Бекқалиұлы өз қолымен оқырмандарға үлестіріп берді.

 Нұрзат Ғалбият                                                                                                         

 495 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *