20180811_150038

Семей.13.08.”Semeyainasy” – Осыдан тоқсан жыл бұрын Доғалаң ауылының іргетасы қаланған болатын. Бұл құтты мекен бір кездері ядролық полигон қасіретін шегіп, қилы заманның қиын кезеңдерін бастан өткерді. Ынтымағы жарасқан өлкеде бүгінгі күнде мыңнан артық халық тұрады.
Қазіргі таңда шырайлы өңірдің қасиетті топырағында аунап өскен талай азаматтар халқына елеулі қызмет етіп, әртүрлі саланың нағыз майталмандары болып отыр.
Ауыл адамдары әр жыл сайын кіндік қаны тамған қасиетті мекеннің көркеюіне атсалысып, түрлі игі істер атқаруда. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, Доғалаң мектебін түлеп ұшқан түлектер Алғабас ауылдық округінің тоқсан жылдығына арналған ұлан-асыр той жасады.
20180811_092836

Тағылымды шара Доғалаң ауылының кіре берісіндегі бас қақпаның ашылу салтанатымен басталды. Әжелер шашу шашып, ақсақалдар ақ батасын берді. Ал осы жердің тумасы Асылбек Төлеуов болса, 90 жылдық мерейтойға арнайылап жазған «Доғалаңға арнау» әнін әуелете орындап, көпшілікті ерекше әсерге бөледі.
20180811_135655(0)
Бұдан кейін, дала сахнасында Отан, туған жер, Атамекен туралы әндер шырқалып, мың бұралған  бишілер сан түрлі қимылдарымен киелі би өнерінің сан қырларын танытты. Сонымен қатар, ауыл әкімі Шегебай Нұрмыханұлы ең  белесенді тұрғындарды алғыс хаттармен және де  «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қоры атынан төсбелгімен марапаттады.
20180811_110306
– Бүгінгі күн біз үшін қуанышты жаңалықтарға толы. Көп жылдар бойы осы  ауылда аянбай қызмет еттім. Енді, міне еңбегімді елеп-ескеріп, ел алдында марапаттап жатқандарына үлкен алғысымды білдіремін. Қатты ризамын, ауыл жастары аман болсын,-деді зейнеткер Күлзия Латипова

20180811_154126
Концерт біте салысымен, түскі екілер шамасында ақшаңқай киіз үйлерде адамдар толып отырды, алтыбақанда балалар асыр салып ойнап жүрді… Бұрыннан көрмеген сыныптастар бір-бірімен амандасып мәре-сәре болып, қызықты естеліктерімен бөлісіп жатты.Осының бəрі кез келген адамды бей-жай қалдырмады.

20180811_163725
Ал кешке қарай кең жайлаудың төсінде аламан бәйгемен бірге тай жарысы өткізілді. Сондай-ақ жергілікті күштілер салмағы 40 келіден артық тартатын семіз қойды мойынға іліп, отырып-тұрудан  сынға түссе, мектеп оқушылары өз араларында ең жылдам желаяқтарды анықтады.
20180811_093734

Әдемі кештің соңында жастар үшін би кеші  ұйымдастырылып, аспанға түрлі түсті отшашу атылды.
20180811_135445

Айта кетейік, дүбірлі тойдың өтуіне әкімдіктен немесе өзге де лауазымды тұлғалардан ешқандай қаражат бөлінбеген. Сол себептен де Алғабас округінің түлектері бірігіп, өз қалталарынан жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам ақша жинаған.

Ғанибек Түсіпбек

 1,083 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *