IMG-20180813-WA0004

Семей.13.08.”Semeyainasy” – Халықаралық жастар күніне орай Семей қаласының Жастар ресурстық Орталығының ұйымдастыруымен Орталық саябақта қала жастарына арналған мерекелік жиын болып өтті. Оған Семейдің 100-ге жуық жастары қатысты.  Мәселен, «Домбыра Party» атауымен өткен сайыста жастар күй тартыстан бақ сынасты. Қос ішекті ұлттық аспаптың үні саябақ демалушыларына ерекше әсер сыйлады. Мұнан өзге балалардың ойынына арқау болған «Асық Party», 1 минут уақыт ішінде қарбыз жеуден жарысқа түскен «Қарбыз Party» сынды жарыстар семейлік жастардың мерекелік көңілдерін аңғартты.

IMG-20180813-WA0001IMG-20180813-WA0003

Сайыстың тағы бір қызықты тұсы – «Бауырсақ шоу» интеллектуалдық ойынында болды. Бұл жерде қойылған қызықты сұраққа дұрыс жауап берген әрбір жасқа молынан бауырсақ берілді, .

-Шарамызға кішкентай бүлдіршін балалар да келіп қызыға  қатысып жатыр,-деді Жастар ресурстық Орталығының маманы Думан Кенжеғазин,-оларға домбыра тартуды, асық атуды үйреттік. Ұлттық өнерімізді жалғастырушы жас ұрпақтың қатары арта берсін. Балдырғандар сондай-ақ, қарбыз жеп те жарысып, сыйлықтарын алды.

Белсене қатысқан жастарға марапаттар табыс етіліп, кеш соңы көңілді би кешімен жалғасын тапты.

Балжан Садыкова

 481 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *