Жеңімпаздар

Семей. 26.02. “Semeyainasy” – Семей  қаласының  Шәкәрім атындағы  мемлекеттік  университетінде  «Конгресс» және «Парасат» дебат  клубтарының  тікелей бастамасымен  Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Білімді жастар – болашаққа жол бастар» атты «Shakarim Cup I» Республикалық пікір-сайыс турнирі өтті. Биылғы жылы шаһарымызда ең алғашқы  Республика деңгейінде ұйымдастырылған пікірсайыс додасына  еліміздің әр түпкірінен 40-қа жуық фракция қатысып, өз араларында «кім мықтыны» анықтады. Турнирдің іріктеу және финалдық ойындары Британдық Парламенттік форматында (БПФ) ойнатылды.

Жарыстың қорытындысына сәйкес, Өскемен қаласының намысын қорғаған «Еркін сөз» дебат клубының пікірсайысшылары «Барыс» фракциясы: Бақдәулет Қуатбеков пен Арыс Салықбаев кубокты  қанжығаларына байлады. Сондай-ақ өзгелерден оқ бойы озық тұрған Семей және Павлодар өңірінің ойыншылары, «Традиционный 4» фракциясы Қуаныш Орманбеков, Асхат Сунчалиев, СММУ «Салауат» зияткерлік дебат ордасының координаторы Еркежан Жұмашева мен алматылық Еламан  Абдуманап жүлдегерлер  қатарынан көрінді. Жеке спикерлер арасында, яғни  Линкольн-Дуглас (ЛД) форматы бойынша, Елдар Қыдырмолдин «Ең үздік спикер» номинациясын жеңіп алса, ал әділ төрешілігімен көзге түскен «Конгресc» ИДК-ның аға буыны Қуаныш Молдақашев «Ең үздік төреші» аталымына ие болды.

Ғанибек Түсіпбек

 656 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *