IMG_1769-23-02-18-05-58

Семей 23.02 «SemeyAinasy»- Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Білімді жастар – болашаққа жол бастар» атты республикалық жастар форумы өтуде.

Үш күнге созылатын форумға еліміздің әр аймағынан келген 100-ден астам студент қатысуда. Бағдарлама бойынша бүгін студенттік парламенттің көрмесі, пленарлық мәжіліс, пікір-сайысшыларға арналған брифинг және Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Барақбай Асылмұрат «Рухани жаңғыру – болашақ бастауы» ,Ұлжан Төкенова «Елбасы жодауы – ел бастауы» баяндамаларын оқыды.

-Еліміздің әр аймағынан келген студенттер бүгін кешке Абай мұражайын аралайды. Университет басшылығының қолдауымен жастарды жатақханаға орналастырдық. Дебат турнирі жыл сайын ұйымдастырылады. 40 фракция бақ сынайды. Яғни әр фракцияда 2 адамнан болғанда, жалпы саны  80 адам дебат ойындарына қатысады, – дейді Студенттік парламент спикері  Әліби Абдураимов.

Асель Қайырбекова

 531 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *