Семей 08.02 «Semeyainasy»- Аягөз ауданының әкімдігі, облыстық білім басқармасы және «KazMinerals Aktogay» ЖШС арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Келісім аясында, Аягөз қалалық политехникалық колледжі енді Ақтоғай кен орнына мамандарды әзірлемек.
Қ.Р. Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру мақсатында аудан жастары жұмыспен қамтылып, республикадағы ірі кен орындарының бірі кәсіби мамандармен толықпақ. Осы орайда Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов, «KazMinerals Aktogay» ЖШС директоры Марк Ли Пейдж және ШҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайрангүл Жұмадилованың қатысуымен үш жақты меморандумға қол қойылды.
Қабылданған меморандум аясында Аягөз қалалық политехникалық колледжінің материалдық-техникалық базасы нығайып, студенттер кен байыту комбинатында іс-тәжірибеден өте алады. Артынша біліктілігімен көзге түскен жасмамандар аталмыш кен орнында жұмыспен қамтылмақ.
Инфоцентр ВКО
325 всего, 3