фото-2

Барлығымыз білетіндей 1998 жылы Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Сол жылдан бастап талай қиындықты бастан өткізсе де, өзінің имиджін ел алдында түсірмей, еңсесін тік көтеріп, бірталай игі бастамалардың себепшісі бола білді деп айтсақта артық айтпағанымыз.

Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық болып саналатын Астана шаһарына қазіргі таңда бүкіл әлем қызыға да, қызғана қарайды. Әрқашанда Елордамызды біз мақтан етіп, жетістіктерін жарқырата көрсете білгенде ғана ұлттық рухымыз асқақтай түсетіні сөзсіз.

Қазақстанның әр түпкірінде еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың туған күніне арналған іс-шаралар бүгінде басталып та кетті. Солардың алғашқылары болып, қазақ жерінің шежіресін паш етер, көңілі дархан,жаны жомарт ұлылар мекені – Семей шаһарында орналасқан көптеген ұлттардың басын бір жерге тоғыстырған  Достық үйінің тікелей бастамасымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырылып «Біз Астананың құрдастарымыз» атты патриоттық жастар акциясы болып өтті.

Фото-1 (1)

Ұйымдастырылған шараға арнайы Астананың төл құрдастары «Сен тұр – мен айтайын» деп суырылып шыққан Халықаралық, республикалық, облыстық түрлі байқаулардан оза шапқан, қаламыздағы әр колледжден 20 үздік студент таңдап алынды. Шыны керек, оларға көрсетілген құрмет пен қошемет өзгелерден қарағанда , ерекше болғаны байқалып-ақ тұрды. Жиынға жиналған этно-мәдени орталығының өкілдері жастарға өздерінің баталарын беріп, тарихқа көз жүгіртіп, келелі ойларын ортаға салды.

Акцияның екінші бөлімі Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жалғасты. Музей қызметкерлері қатысушыларға жан-жануарлардың экспонаттарын , ұлтымыздың ою-өрнектелген ыдыс-аяқтарын, тарихи жәдігерлерді көрсетіп, өткенге шолу жасады. Сондай-ақ барлық қатысушылар «Астана – әсем қала» деп аталатын деректі фильмді тамашалап, «Елімнің жүрегі сен – Астана» әнін әуелете шырқады.

 

Кейін «Біз Астана құрдастарымыз» деп әсемделіп жазылған маршрутпен Достық үйінің «Қазақ мәдени-әлеуметтік орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы басқарып отырған  Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне жол тартты.

Фото-4

Бұл жерде осы оқу орнының белсенділері – Сұлтан Мейрамбекұлы мен  Жаннұр Қожағұлова Астананың бүгінгі күнге дейін қол жеткізген жетістіктері туралы баяндаса, ал «Қаламгер» үйірмесінің жас ақындары бас қаламызға арнап жазған арнау өлеңдерін оқыды. Басқосуда сөз сөйлеген Берік Көпбаев шараға ат салысқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, колледж директоры  Шағангүл Алдамжарқызына «Бәйтерек» пішінінде жасалған арнайы мүсінді сыйға тартты.

фото-5

Ғанибек Түсіпбек

 363 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *