_MG_2937

30 қаңтар Ермак Сәлімов Шүлбі ауылы, Новобоженов, Приреченск және Озерск ауылдық огругі тұрғындарымен кездесті. Апта соңына дейін ол 2017 жылда жасалған жұмыс қорытындысымен таныстыру мақсатында 10 ауылдық округке барады.

Есептік кездесу барасында Семей әкімі ауыл әкімдерінің 2017 жылда қол жеткізген нәтижелері жөнінде жылдық есебін, сонымен қатар 2018 жылға қойылған мақсаттарын да тыңдады

Халық алдында есеп беру барысында Ермак Сәлімов ауыл тұрғындарына Семей қаласының жетістіктерімен қатар ауылдық округтеріне тікелей қатысты мақсаттарды да түсіндірді.

– Бүгінгі таңда Семей бойынша жақсы серпін қалыптасуда. Қаламызды сипаттайтын көрсеткіштер бойынша барлық қалалар мен аудандар арасында 7-орындамыз. Бұның барлығы ненін нәтижесінде болып жатыр? Біз қаламыздың ұзақ мерзімді дамуының 3 жылдық жобасын жасап, оны облыс әкімі алдында қорғадық. Мен бұл жайында премьер-министрдің алдында баяндаған болатынмын. Барлықтарыңыз Семейде болып, тұрғындарымыздың жайлы өмір сүруіне әсер ететін өзгерістерді көріп жатқан боларсыздар. Бұдан бөлек, жол, жарық мәселелерімен айналысатын боламыз. Ең бастысы мемлекеттік саясатқа сәйкес бүгінгі таңда халық саны 2000 асатын ауылдық округтер бюджеттің төртінші деңгейіне өтуде. Өз пайдаңызды алатындай елді мекендеріңіздегі барлық табысты, коммуналдық меншіктің барлық объектілерін сіздерге бердік. Келетін бұл табысты әкім сіздермен бірге бірінші кезекте қажетті деп санаған қажеттіліктерге үлестіреді.

Есептік бөлімнің соңында аумақ тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Семей басшысы оларға жауап беріп, кейбірін өз бақылауына алды.

 821 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *