Шығыс Қазақстанда әлеумет әлеуетін арттыру басты межеде. Осы ретте облыс әкімі Даниал Ахметов өңірдегі денсаулық сақтау және білім саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Республика ішінде тұңғыш болып бірегей жобаларды қолға аймақта 2018 жыл білім мен денсаулықтың жаңа белеске бастар кезеңі болмақ.
Өңірде 2018 жылға арналған жоспарлар «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы жолдауында белгіленген міндеттер аясында жүзеге асатын болады. Үштілділікті, денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жоспар Шығыс Қазақстанда соңғы жылдары қарқынды жүзеге асып жатыр. Осы ретте адами капиталдың жаңа сапасын қалыптастыруға негізделген ұлттың жаңа жоспарымен тұспа-тұс келген жобалар қатары еселенбек.
– Республикада баламасы жоқ жобаларды Шығыста бірінші болып жүзеге асырудамыз. Ел ішінде жоқ заманауи жабдықты сатып алып, «Робот хирургиясы» мен «Трансплантология» орталықтарын аштық. Алдағы таңда облыс емханалары мен оқу орындарын халықаралық стандарт талабына жауап беретін құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Шығыс Қазақстанда бұл бағытта ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылып жатыр. Сондықтан 2018 жылы да әлеумет әлеуетін жақсарту ең маңызды іс болып қала бермек, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов әкімдіктің кезекті жиынында.
Айта кету керек, Қазақстанда ұстаздарды үш тілділікке оқыту ісін тұңғыш бастаған Кенді Алтай өңірінде тек былтырдың өзінде 2500 мұғалім арнайы курстардан өтіп, тілдік біліктілігін ұштады.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
805 всего, 6