Семей. 10.01. “Semeyainasy” – Филология ғылымдарының кандидаты Хажымұрат Шаяхметұлы Илиуф 1956 жылы 26 желтоқсан күні дүниеге келген. Семей қаласының тумасы. Екi қызы бар – Гүзел мен Инаят, үш немересi – Ильяс, Гүлсiм, Ильнур (үшеуi де Гүзел балалары).
Хажымұрат Шаяхметұлы мектеп қабырғасында білім алып жүрген кезінен-ақ тюркологияға қызығушылық танытып, тілдерді салыстырумен айналысқан. Оған Хажымұрат Шаяхметұлының нағашы туысқандарының арасында ер жетуі мен анасының ноғай болғандығы себеп болған. Оқушы кезінен бастап лингвистикаға қызығып, екі тілді салыстыра бастаған. Түрік халықтарының тарихын, әдебиетін, тілдер туралы мақалаларын, сондай-ақ екі айда бір шығатын «Советская тюркология» журналының тұрақты оқырманы болған. Өзге шаһарларға да жиі сапарға шығып, тюркологияға қатысты әдебиеттерді оқу арқылы білімін шыңдаған.
Мақалама арқау болған кейіпкермен әңгімелесу маған өте қызықты болды. Себебі бала кезімде археологиялық қазба жұмысы және жұлдыздарды зерттегенді ұнататынмын. Алайда, елден естіген кей сыбыстардан кейін қорқыныш сезімі пайда болып, ол арманым сол күйі орындалмады. Хажымұрат Шаяхметұлы да жоғарыда атап айтқан жұмыспен айналысады екен. Кейіпкеріме бала арманым болғанын айтып, сол қорқынышыммен бөліскенімде, ол қате пікір екендігін жеткізді.
Екі жыл КСРО қарулы күштерінің Забайкальский әскери округінде Чита облысы, Могоча қаласында десант-шабуыл бригадасында әскери қызметте болған Хажымұрат аға 1978-1982 жылдар аралығында Семейдегі педагогикалық институттың филология факультетінде білім алған.
Хажымұрат Шаяхметұлы жан-жақты маман. Олай дейтініміз, ол әр жылдары мектеп, колледж оқытушысы, учаскелік инспектор, кафедра бастығы болып жұмыс атқарды. Бұған қоса өңірлік тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері де болып үлгерді. Зейнеттегі полковник бүгінде Ш. Уалиханов атындағы дарынды балаларға арналған «Жас Ұлан» ерлер лицейінің басшысы Құрмаш Окасовтың шақыруымен мұражай меңгерушісі болып қызмет атқаруда.
Заң колледжінде жұмыс атқарып жүрген жылдары … саласында диссертациялық жұмысын қорғап, мақалалар жазып, 2 кітабы жарық көрген («Системы исчисления времени в культуре казахского народа»; «О происхождении некоторых этнонимов»). Қазіргі кезде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіндегі тарих кафедрасымен тығыз байланыс орнатқан ол, археологияға қызығушылық танытып жүрген лицей оқушыларын Абай, Қатон-Қарағай,Үржар аудандарына архелогиялық қазбалар жұмысына жіберіп жүрген жайы бар. Кейіпкердің айтуына қарағанда, алдағы уақытта да балалармен бірге Абай, Бесқарағай ауданына, Шыңғыстау жеріне экспедиция жасауды жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда Хажымұрат Шаяхметұлы астрал мифология, сөздің мифологиясы, Қазақстан жерлерінің топонимиясын зерттеп, монография жазу үстінде. Әр адамның зерттеу барысында қолданатын әдісі болатыны белгілі. Хажымұрат Шаяхметұлы бұл бағытта мифологияны зерттеп, яғни ертегі, аңыз әңгімелерін оқып салыстыру әдісін қолданады екен. Астрал мифологияға танытқан қызығушылығын Хажымұрат аға былай түсіндірді:
– Бала кезімде халық күнтізбесі туралы кітап сатып алып, Сүмбіле, Үш арқар, Көгалдай-мергеннің көк шақпағы, Темір қазық, Aқ боз ат, Көк боз ат, Үркер жұлдыздары туралы жауап іздедім. Сол кітапта (жерде) толық ақпарат жазылған жоқ, тек жұлдыздың аты болды. Зерттей келе Көгалдай-мерген деген Сібір түрік халықтарында да бар ертегелірден оқып зертеген, кейін Үшбиікке барған кезде Үш арқар бейнесін тасқа қашалған суреттер (петроглифтер) арасында көріп бірден мифтардан алынған сюжет екендігін түсіндім,- деді Х. Илиуф.
Тағы бір мысал келтірсек, Үш арқар туралы аңыз болмаса да, әдебиеттерден, ертегелірден оқып зертеген, кейін Үшбиікке барған кезде Үш арқар бейнесін көріп бірден мифтардан алынған сюжет екендігін түсінген.
Айта кетерлік жайт, 2018 жылдың 19-20 қаңтар күндері Павлодар қаласында өтетін «Қазіргі ғылыми парадигмадағы: тіл әдебиет және тарих» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Хажымұрат Илиуф Шаяхметұлы баяндама жасамақ ниетте.
Асель Қайырбекова
723 всего, 6