DSC00240 (1)

Семей.01.11. “Semeyainasy” – Ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі – қылмыстық оқиғалар мен қару қолдану арқылы жүзеге асатын қылмыстардың алдын алу екені белгілі. Бүгінде Қазақстанда белгісіз адамдар тарапынан тіркелмеген атыс қарулары арқылы жасалатын қылмыстардың саны артып келеді. Осыған байланысты бұл мәселе мемлекеттік деңгейде көтеріліп, заң жүзінде қару сақтауға қатаң талаптар қойылды.

Осы орайда, ҚР Үкіметінің «Азаматтық және қызметтік қару айналымының ережесі» Қаулысына енгізілген өзгертулерге және суық қару пайдаланған азаматтар тарапынан Семейде орын алған құқық бұзушылық фактілеріне тоқталып өтуді жөн көрдік.

Биылғы жылдың мамыр айында ҚР Үкіметінің № 260 қаулысымен «Азаматтық және қызметтік қару айналымының ережесіне» өзгерістер енгізілген болатын. Толықтыруларға сәйкес, қару иелері қару-жарақтарын міндетті түрде еденге немесе қабырғаға бекітілген металл шкафқа сақтаулары тиіс. Сондай-ақ қабырғалардың қалыңдығы 3 мм кем болмауы және есігінде ішкі құлпы болуы шарт. Әрбір азамат қару сақтауға келісім бергеннен кейін дабыл беру жүйесін орнатып, барлық талаптарды орындауға міндетті.

Қазіргі уақытта суық қаруды сақтауға қойылатын талаптар күшейтілгендіктен, қаруларын өз еркімен ішкі істер органдарына тапсырып жатқан азаматтар баршылық. Мәселен, осы жылдың өзінде Семей қаласының Ішкі істер басқармасына 100-ден астам қару тапсырылған. Олардың көбі қайта өңдеуге немесе жоюға жіберіледі.

DSC00238

Қалалық полиция қызметкерлері өткен кезеңнің ішінде 4 мыңнан аса қару иелерін тексерген екен. Жүргізілген рейд барысында азаматтық қаруды пайдалану туралы тиісті ережелерді сақтамаған 196 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,5 млн. теңгеге айыппұл салынған. Ал осы жылдың 9 айы ішінде өз қаруымен өз-өзіне қол жұмсаған 5 оқиға тіркеліпті.

Семей қалалық ІІБ басшысының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Құлжанбеков:
— Жаз мезгілінде тіркелген қаруларды халықтан сатып алу акциясын өткіздік. Нәтижесінде 28 азамат 43 бірлік атыс қаруын, 47 бірлік оқ дәрілерді тапсырды. Қару-жарақтың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты 12-40 мың аралығында ақшалай сыйақы төленді. Ерікті түрде тіркелмеген атыс қарулары мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Айта кетейік, заңдық нормаларға бағынбаған кез келген тұлға қаруды қауіпсіз пайдалану ережесіне сай 22 690 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Ғанибек Түсіпбек

 472 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *