242_108860613

Семей.26.09. “Semeyainasy” – Семейде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы шеңберінде «Семей Водоканал» МКМ-нің нысандары бойынша 2016-2017 жылдарға арналған 3 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін «Семей Водоканал» МКМ директоры Еркін Сағандықов мәлім етті.

Жобаның жалпы құны 465,4 млн.теңгені құрады. Бүгінде оның 386,2 млн.теңгесі немесе 87,2 пайызы игерілді.

Үш бірдей жобаның бірі Қарағайлы шағын ауданында іске асуда. Жаңадан салынып жатқан мөлтек аудандағы су құбыры желілерінің құрылысын жүргізу үшін 281,4 млн.теңге қаражат бөлінген. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстың 83 пайызы игеріліп үлгерді. Жалпы, бұл ауданға 5,152 шақырым су құбырлары желісін орнатылуы тиіс, қазір 4,339 шағырым құбыр жүйесі тартылды, 27 су құдықтары орнатылған. «Бант» ЖШС-нің мердігерлік етуімен сорғы стансалары құрылды. Жоспар бойынша мұндағы жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында тамамдалады деп күтілуде,-дейді «Семей Водоканал» МКМ директоры Еркін Сағандық.

Жүзеге асырылуы тиіс екінші жоба аясындағы жұмыстар да дәл осы ауданда атқарылды. Шағын ауданға кәріз жүйелерін құру мақсатында қазынадан 63,5 млн.теңге бөлініпті. Құрылыс жұмыстарын «Бант» серіктестігі 100 пайызға орындап, қарастырылған қаражаттың 62,7 млн.теңгесі игерілді.

Келесі жоба Контрольный кентіне су құбырларын тартуға бағытталды. Ол үшін 120,5 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда мұндағы жұмыстың 90 пайызы орындалды.

Айзада Сламбаева

 514 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *