5(20)

Семей.21.08. «Semeyainasy» — Семей қаласындағы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған Қарағайлы шағын ауданы мен Контрольный кентін сумен жабдықтау жұмыстары өз мәресіне жетті. Бұл туралы «Семей Водоканал» МКМ-нің техникалық директоры Николай Лукин мәлім етті.

Аталмыш бағдарлама шеңберінде атқарылуы тиіс жобалардың бірі – республикалық маңызы бар тасжолын қалыпқа келтіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Мәселен, қаладағы Шугаев көшесінен Павлодар тасжолына, одан кейін Қаржаубайұлы көшесінен халықаралық автобекетке шейінгі тасжол осы айдың аяғына дейін асфальтталады деп күтілуде.

Сонымен қатар Семей өңіріне қарасты ең шалғай елдімекен саналатын Қайнар ауылына су құбырын тартып, ауыл көшелеріне құдықтар орнату да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда.

– ШҚО басшысы Даниал Ахметов пен қала әкімі Ермак Сәлімовтің күш салуымен бұл жоба мақұлданып, Ұлттық қордан 460 млн.теңгеге жуық қаражат бөлінген еді. Бұған жауапты мекеме ретінде «Райс Строй» ЖШС бекітілген. Биылғы жылдың маусым айында басталған жұмыстың қазір тек 30 пайызы ғана орындалған. Мердігер компанияның баяу жұмысы қала басшысының да, ауыл халқының да көңілінен шықпай отыр. Жұмысшылар қазіргі күні ауылдың көше бойларын қазып тастаған, алайда су құбырлары мен құдықтар әлі тартылмады,-дейді «Семей Водоканал» МКМ-нің техникалық директоры Николай Лукин.

Бұл жұмысты өз мойнына алған мердігер мекеме басшылығына қатысты қала әкімі Ермак Сәлімов те бір емес, бірнеше рет қатаң сын айтты. Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы Семей филиалында болып өткен саяси кеңес бюросының кезекті отырысында шаһар басшысы айтылған сынды түзеуге асықпаған серіктестік пен «Семей Водоканал» МКМ-сі арасындағы келісімшартты бұзып, жауапсыз мекеменің әкімшілігін сотқа беру туралы хаттама толтыруды тапсырды.

Айзада Сламбаева

 365 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *