1_1491983836.jpg.600x450_q85

Семей.21.07. “Semeyainasy” – Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, Семейде тағы екі адам суға түсіп, мерт болды. Оқиғаның бірі 19 шілде күні орын алған. Жолдастарымен табиғат аясында демалуға барған 26 жастағы азамат белгіленбеген жерге суға түскен. Қайғылы оқиға 7 метр тереңдікте орын алғандықтан, жігітке жолдастары көмектесе алмаған.
Екінші оқиға өткен аптада «Мұрат» саяжайы аумағында орын алды. 22 жастағы азамат белгіленбеген аумақта суға шомылып, мерт болған. Жалпы суға түсу маусымы басталғалы бері Семейде 6 адам көз жұмды.
Айта кетейік, семейліктер үшін Түйемойнақ аралынан ғана арнайы орын таңдалып, жағажай дайындалған. Биыл бұл мақсатта қазынадан 1 млн.300 мың теңге бөлініп, мердігер анықталған болатын.
Мамандар Затон, Маяк және қаланың сол жағалауында суға шомылудың қауіпті екенін айтады. Судың ағыны қатты бұл жерлер санитарлық нормаларға да сай емес. Сондықтан ТЖБ қызметкерлері семейліктерге суға түскенде сақ болуды ескертеді.

Ә. Айбеков

 482 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *