1

Осындай ұранмен Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қалалық ішкі істер басқармасымен бірігіп, Семей қаласының «Динамо» дене шынықтыру – спорт қоғамы дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағынан қорғалмаған балалардың мәселелеріне қоғам назарын аудару, оларды спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу.

Акцияға кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығынан және балалар үйінің тәрбиеленушілері арасынан барлығы 60 аса балалар қатысты. Акция аясында спорттық эстафеталар өткізілді, балалар жас ерекшелігіне қарай 7-9; 10-12; 13-15; 16-18 жас бойынша 4 топқа бөлініп, әр командада 4 ойыншыдан қатысты. Әр команданың өз атаулары болды.

7-9 жас ерекшелігі тобында жүлделі орын үшін 4 команда сайысты, олар «Реал-М», «Бавария», «Қыран» и «Номад» командалары. Осылай, жас ерекшелігі бойынша әрбір топта үш-төрт командадан қатысты.

Әрбір қатысушыға қалалық «Динамо» филиалынан доп, футбол киімі, бадминтондар және тағы да басқа спорттық бұйымдар табысталды.

Акция соңында ІІБ кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері балаларға балмұздақ таратты.

Семей қ.ІІБ баспасөз қызметі

 405 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *