Семей. 01.02. «Semeyainasy» – 1992 жылы 20 қазанда татар өнер мектебі №1 балалар музыкалық мектебінің бас мұғалімі Габдулхақ Ахунжановтың бастамасымен және қала әкімішілігі И.Карахановтың шешімі бойынша ашылған болатын. Бастапқы кезінде мектеп Балалар және жастар шығармашылық сарайының бір бөлмесіне ие болса, 1995 жылдың 16 тамызынан осыдан 120 жыл бұрын салынған татар кеңістігіндегі татар саудагерінің үйі мектеп ретінде берілген. Қолайлы жағдай толыққанды жасалмаса да, аядай тар жер өнерге ғашық тәрбиеленушілерге кедергі болған жоқ. Керсінше алға қарай ілгерілеуіне үлкен септігін тигізіп, олардың жігерлерін шыңдай түседі.
Қазіргі таңда Татар өнер мектебі тек елімізге ғана емес, шет елдерге де танымал. Мектептің о бастан келе жатқан басты мақсаты – татар тілін, мәдениетін, дәстүрлерін, халқының әдет-ғұрыптарын дамыту болып табылады.
Габдулхақ Ахунжаев, татар өнер мектебінің басшысы:
- Осыдан 30 жыл бұрын мәдениет сарайының директоры Каратков өзіне шақырып алып, татар ансамблін қалыпқа келтірейік деген ұсыныс жасады. Басында таңқалып қалдым, сосын бас тарттым. Оған себеп арнайы білімімнің жоқтығы. Музыкалық колледжде орыс тобында оқыдым. 3-4 рет бас тарттым. Үйге таңқалған күйі келгенімде, анам өз халқың үшін тегін болса да жұмыс істе деді. Бір жағынанын, әрине, маған сеніп тапсырғаны бір ғанибет, бір жағынан анама айттым: жоқ, татарлар менің қатемді түзеп мазамды алады деп. Көп ойланып ақыры келістім. Татарстан Республикасының мемлекеттік ансамбліне жіберулерін сұрадым. Маулен Масалимовтың хатымен бардым Татарстанға. Ақша төлесе жақсы, төлемесе жарайды өз халқыма жасаған жақсылығым болсын дедім. Дайындалып, түрлі жаттығулар жасадым. Алайда еш қорқынышы жоқ екен. Өйткені басында 5 адам келді, 5-еуі де әнді орысша айтады екен.
Мектеп оқушыларының жеңісі:
Мектеп оқушыларының жеңісі 1995 жылы өткен республикалық «Жас музыкант» ән байқауында бастау алған болатын.
1997 жылы Ахунжанов мырзаның 5 жасар оқушысы Диаз Мусалимов Қазан қаласында өткен республикалық сайысында бас жүлдеге ие болды.
Жалпы мектеп оқушылары көптеген сайыстарға белсене қатысуда. 2000 жылдан бастап Габдулхақ Ахунжановтың бастамасымен мектеп қызметінде «Иртыш моңнары» атты халықаралық өнер фествалі өтуде. Сайысқа Қазақстаннан ғана емес, Ресейден де өнерпаздар қатысады. Өткен жылы да мектептің 25 жылдығына орай XVIII халықаралық «Көзге Иртыш Моңнары» фестивалі ұйымдастырылып,Ресейдің Новосібір, Тобыл, Томск, Омбы қалаларынан қатысушылар келген еді.
2003 жылы Е. Н. Светковтың бастамасымен баяншылар ансамблі «Жас музыкант» атты Республикалық байқауда екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жүлделер саның шексіз тізбектеп айта беруге болады. Бұл біріншіден, талантты жастардың, екіншіден осы мекемені басқарып отырған Габдулхақ Ахунжановтың ерен еңбегі екені даусыз.
Өз дербестігін сақтап қалу үшін көптеген қиындықтарға төтеп берген татар өнер мектебінде қазіргі күні өз жұмысын жемісті жалғастыруда. Осы қалыптан айнымай алға қарай ілгерлеп, өркендей берулеріңізге тілектеспіз.
Асель Қайырбекова
572 всего, 6