Семей.05.06.”Semey Ainasy” – Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің әскери оркестрі қарттар үйінде концерт қойды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінің әскери оркестрі қайырымдылық мақсатында қарттар үйіне барып, концерттік бағдарлама ұсынды. Шара аясында оркестр ардагерлер мен қарттарға арнап патриоттық және халық әндерін орындады.
Музыканттар жанды дауыста өнер көрсетіп, тыңдаушыларға ерекше көңіл күй мен жылулық сыйлады. Концерт барысында қарттар өз алғыстарын білдіріп, әсерлі сәттермен бөлісті. Бұл игі іс-шара – Ұлттық ұлан сарбаздарының қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін, үлкенге деген құрметін айқын көрсетеді.
Semeyainasy.media
223 всего, 29