Семей.23.04.”Semey Ainasy” – Абай облысында тұтынушыларды ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері «Қорғаушы» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қ. Раймбековамен бірлесіп тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық ағарту жұмысы шеңберінде Семей қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымымен кездесті. Кездесу барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасы түсіндірілді. Оның ішінде тауарларды сатып алу және қызмет көрсетуде кездесетін өзекті мәселерге тоқталып, аудиторияның қойылған сұрақтарын жауап берілді. Іс шара барысында 50 қызметкері қамтылды.
Кездесу барысында ұжымға мемлекеттік органның жұмысы таныстырылды. «Сапалы өнім» тұжырымдамасы туралы түсіндірме берілді. Соңымен қатар «e-tutynushy» ақпараттық жүйесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
E-tutynushy бірыңғай ақпараттық жүйесі тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарастыру процесін автоматтандыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейлерінде оларды жүйеге келтіруге және есепке алуға арналған.

 836 всего,  54 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *