Семей.29.11.”Semey Ainasy”2023 жылдың 25 қарашасында Абай облысы бойынша ҚАЖД 21 мекемесінде САӘПТЖБ қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен жаза өтеушілердің туған-туыстарымен кездесуіне арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, өткізілді.

Шараға келген сотталғандардың туыстары тек жақындарымен ғана кездесіп қойған жоқ, сотталушылардың жатын бөлмесін, жұмыс істейтін орындарын, тамақтану орны асхананы, бос уақытын өткізетін кітапхананы және ұзақ мерзімді кездесу бөлмесін аралап, мекеменің тұрмыс-тіршіліімен танысты.

Бас бостандығынан айырылған азаматтар мен азаматшалар үшін «Ашық есік» күнінің маңызы өте зор, себебі басына іс түсіп, сотталған әр азаматтыңпсихологиялық жай-күйі құбылмалыболатындықтан оларға жағымды көңіл күй сыйлайтыны анық.

«Ашық есік» күніне арналған іс-шарада сөз алған мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі С.С. Алтаев сотталғандардың жылдам бостандыққа шығуына жүрек жарды ақ тілегін білдіріп, бұл шара тоқсанына бір рет өкізіліп тұратынын хабарлады.

Ашық есік күнінің жоспарға сай, белгілі бір күндерде өтіп тұруы сотталғандар үшін де, олардың туған туыстары үшін де жасалып отырған ізгі іс- шаралардың бірі десек қателеспейміз.

Абай облысы бойынша ҚАЖД  № 21  мекемесініңсотталғандар  арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің бастығы әділет капитаны Д.К. Бугилбаев

 673 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *