Семей.03.08.”Semeyainasy” – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 36803 әскери бөлімінің сарбаздары Абай музейін аралады. Шара Абай Құнанбайұлының алдағы туған күніне орай ұйымдастырылды.
– Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас отан қорғаушылар үшін Абай жәдігерлерімен танысу олардың рухани байлығын нығайтып, ұлттық сана сезімін арттырары сөзсіз. Мұндай іс-шараларды өткізу біздің әскери бөлімде дәстүрге айналған. Бүгінгі іс-шарадан жас сарбаздар рухани азық алады деген ойдамын, – дейді 36803 әскери бөлімінің есептоп бастығы аға лейтенант Ермек Рахметов
Қызылорда қаласынан әскерге шақыртылған мерзімді әскери қызметші Бағлан Бекқадамов Абайдың қара сөздерін жатқа біледі. Бала кезінен хәкім баба туындыларын оқып өскен ол үшін бұл шара ерекше қызыққа толы. Себебі біртуар тұлға жайында тың ақпараттармен кітап, интернет арқылы хабардар болса, бүгін ұлы ақынға арналған музейге келіп, ол туралы көп мәлімет жинауда. Жас отан қорғаушыға экскурсия барысында танымал тұлғаның туындысынан тарту жасалды.


– Маған Абай әлемі ұнайды. Оқушы кезімнен қызығушылық танытамын. Әлемге әйгілі тұлғаның Семейдегі тұрған үйін көріп, ол оқыған Ахмет Риза медресесін аралап, ақын қолданған заттарды тамашалап, керемет әсер алдым. Болашақта Абайдың Жидебайдағы музейіне де барғым келеді, – дейді қатардағы жауынгер Бағлан Бекқадамов.
Сарбаздардың әскери борышын өтейтін өңір тарихымен танысып, танымал тұлғалар жайында мағлұмат алуы – олардың білім көкжиектерін кеңейтеді дейді әскери бөлім мамандары. Музей қызметкерлері үшін де сарбаздарға мұражай мұрасын таныстыру зор шабыт сыйлады. Себебі еліміздің басқа өңірінен келгендер ұлы ойшылдан қалған әрбір жәдігерге зейін қойып мән береді екен.


– Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының музей қорығы мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ұжымы үнемі тығыз байланыста. Бізге жас сарбаздарды жиі әкеліп, үнемі музейді көрсетіп отырады. Жалпы, Қазақстанның әр қалаларынан, түкпір-түкпірінен келген жас сарбаздарға музей экспозициясын көрсетіп, ұлы ақынның заттарын, шығармашылығын таныстыруды мақсат тұтамыз, – Абай музейінің аға ғылыми қызметкері Гүлназ Бейсенбинова.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 888 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *