Семей.26.12.”Semeyainasy” – Семейдегі Крестьянская көшесінде көп жылдар бойы жарық болмаған. Мұнда №7 мектеп-лицей орналасқан, жарықтың болмауы мектептен кеш қайтатын оқушылар үшін қауіпті болатын. Сонымен қатар, кейбір жүргізушілер жылдамдықты шектен тыс асыратын, бұл өз кезегінде жарығы жоқ көшеде өте қауіпті болатын. Жақында бұ көше жарықтандыруға қосылды. Семей әкімі Бақытжан Байахметов көше тұрғындарымен кездесіп, тағы бірқатар мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында тұрғындар көшенің тағы екі проблемасын айтты, олардың біріншісі – жақсы ойын алаңының жоқтығы. Айналасында үш көп қабатты тұрғын үй және мектеп бар екенін ескерсек, мұнда екі әткеншек жеткіліксіз.

– Мен бұл ұсынысты келесі жылға арналған жоспарға енгіздім. Бізде 2022 жылы 13 аулада ойын алаңын жабдықтау жоспарланған. Бюджетке қарай, біз бұл санды көбейтуге тырысамыз. Биыл тек үш аула абаттандырылып, ойын алаңдары жасалды, – дейді әкім.
Екінші мәселе – асфальтталмаған жол. Бұл қала үшін өзекті мәселе, өйткені жолдардың 60% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

– Биыл біз 30 шақырым жолды асфальттасақ, ал келесі жылы 64 шақырым жолды асфальттауды жоспарлап отырмыз. Крестьянская көшесін келесі жылғы жоспарға енгіздік, – деп қорытындылады зала басшысы.

Айя Канатова

«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.

 1,666 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *