Семей. 12.12. “Semeyainasy” – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында мемлекеттік наградаларды табыстау салтанаты өтті.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтері үшін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтар дсотастығын бекітуге қосқан орасан үлестері үшін Шығыс Қазақстан облысының 80 тұрғынына мемлекеттік награда табысталды.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов «OstFish» ЖШС бас директоры Рашид Алчинбаевқа, «KAZ Minerals» компаниясының Ақтоғай кен-байыту кешені филиалының кеңейту жобасының директоры Эндрю Баттисонға, «Востокцветмет» ЖШС техникалық директоры Ақылжан Жәкеновке, «Industrial Construction Group» ЖШС бас директоры Бауыржан Жиенбаевқа «Құрмет» орденін табыстады. Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медицина орталығының бөлім меңгерушісі Сергей Эбель, «Қазмырыш» ЖШС «Алтай» кен-байыту кешені директорының орынбасары Ерлыхан Қабдуалиев, «Қазмырыш» ЖШС атқарушы директорының орынбасары Тимур Тоқжігітов, Бесқарағай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров орденмен марапатталды.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Өскемен жылу жүйелері» АҚ электромонтері Серік Әбеуов, «Елім-ай Көкпекті» ЖШС механизаторы Вячеслав Гетченко, «Багратион-2» шаруа қожалығының дәнекершісі Николай Кучерин, «Казцинк-ТемирТранс» ЖШС Риддер цехінің жол монтері Болат Мұқышев марапатталды.


«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандардың арасында оқытушылар, мектеп директорлары, облыстық кәсіпорындардың басшылары, қарапайым жұмысшы мамандық иелері де бар. Жекелей алғанда «Өскемен-Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас инженері Андрей Алехнович, «Батраков В.И.» шаруа қожалығының басшысы Владимир Батраков, үш тілде білім беретін Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназиясының директоры Алма Әубәкірова, Бесқарағай ауданы Канонерка орта мектебінің мұғалімі Наталия Беленкова, «Темірбетон комбинаты» ЖШС бас директоры Александр Бородин, «Үлбі метталлургиялық зауыты» АҚ аппаратшысы Александр Пименов марапатталды.
Белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі және мейірімділігі үшін «Үміт» шаруа қожалығының басшысы Амантай Бахтияров, ерекше білім алуға мұқтаж балаларға арналған оңалту орталығының логопед-дефектологы Юлия Головко, Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем стансасының дәрігері Ерболат Жанболатов, «Үміт» балалар үйінің педагог-ұйымдастырушысы Евгений Северьянов «Шапағат» медалімен марапатталды.


Мемлекеттің қалыптасуына, тәуелсіздікті нығайтуға және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен қалалар мен аудандардың әкімдері марапатталды. Сонымен қатар, облыстың дамуына қосқан үлестері үшін Шығыс Қазақстан тұрғындары мақтау грамоталарымен марапатталды. Ал Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысовқа, «Құндыз» ЖШС филиалының атқарушы директоры Владимир Дериглазовқа, Қазақстан жазушылар Одағының облыстық филиалының төрағасы Әлібек Қаңтарбаевқа «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді.

Semeyainasy.media

 1,041 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *