Семей.15.09.”Semeyainasy” – Жарықтандыру мәселесі Семей үшін әрқашан да өзекті. Семейліктер жылдар бойы тек қала шетінде емес, тіпті оның орталығында да жарықтың жоқтығына шағымдануда. Семейде көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғырту жобасы тек осы жылда ғана жүзеге асырыла бастады. Жаз бойы шамдар мен жарықтандыру шкафтарын, сымдарды ауыстыру жұмыстары жүргізілді.Бірақ тіректерді жеткізу кешіктіріліп жатыр. Сол себепті қала басшылығы қалыптасқан жағдайдың шешімін іздеп, мердігер ұйымдарды тездетіп жатыр. Қазіргі уақытта Қабанбай батыр көшесіне шығатын 35 квартал ауданындағы Шугаев көшесі бойынша жарықтандыру бағаналары орнатылуда.

Сонымен қатар, кеше 15 жылдан астам жарық болмаған Пархоменко көшесі жарықтандырылды. Көше тұрғындары бірнеше рет жеке сектордың осы аймағын жарықтандыру туралы өтініш білдірген еді. Өйткені көше өте кең және болашақта абаттандырылатын болады. Атап айтқанда, биыл аталмыш көшеде құмды-қиыршықтасты себу мен грейдерлеу жұмыстарын жүргізу, ал келесі жылы асфальттау жоспарлануда,. Нәтижесінде, Пархоменко көшесінде жүргізілетін жұмыстар кептелістер жиі орын алатын Қаржаубайұлы көшесіндегі көлік ағынын азайтуға көмектеседі.

– Осындай жұмыстар жоспарланған 136 көшенің 103-інде, яғни 73%-ында орындалды. Негізгі назар – автобус қатынасы және әлеуметтік нысандары бар жолдарға аударылды. Сондай-ақ, қиыршық тас төселген көшелер жарықтандырылды. Әсіресе проблемалы көшелер – Морозов, Чайковский, Жангелдин көшесінен автоцонға дейінгі Қаржаубайұлы көшесін айтуға болады. Қазіргі уақытта материал мен жабдықтарды таңдау жұмыстары жүріп жатыр, биыл жарық сол жерде де пайда болады. Қаланың басқа аудандары: Ұшақтар, Комсомол кенттерінде, Березовский кентіне баратын жол бойында, Солтүстік кентінде де жарықтандыру жүйесі жаңғыртылуда. Жабдықтарды жинақтау, тіректер мен сым желілерін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Жаңғырту жобасы аяқталғаннан кейін қала жарықтандырудың 60% – ын үнемдейді. Бүкіл жүйе басқару панелімен байланыстырылған. Онда бұзылу, істен шығу фактілері жазылады, ал диспетчерлік қызмет проблемаларды тез арада түзету үшін шаралар қабылдайды, – деп сендірді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Айя Канатова

«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.

 1,568 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *