20190502_151059
Семей.02.05.”Semeyainasy” Семей өңірі бойынша өкіл имам Мақсат қажы Алтыбай Рамазан айының қарсанында баспасөз мәслихатын өткізді. Қаламыздың бас имамы кездесуді ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораздың құттықауымен бастап, қасиетті айдың артықшылықтары туралы сөз қозғады. Биылғы жылы Рамазан айы 6 мамырдан басталып, 30 күнге созылмақ. 5 мамыр күні қаламыздың барлық мешіттерінде алғашқы тарауық намаздары оқылады. Бұл рәсімге дәстүр бойынша, Түркия елінен қари келеді деп күтілуде.

-Рамазан- береке айы,сабырлық айы, құлшылық айы. Қасиетті айда ораза ұстау, балиғат жасына толған, денсаулығы мүмкіндік беретін әрбір мұсылманға парыз болып табылады. Қазіргі таңда мешіттермізге тапсырма беріліп, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алла Тағала барлығымызға Рамазан айын құлшылықпен өткізуді нәсіп етсін,- деді Семей өңірінің өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай.

Мақсат қажы осы жылы Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түнге сәйкес келетінін айтып, пітір садақаның мөлшері 300 теңге екенін жеткізді. Сонымен қатар өкіл имам осы айды тақуалықпен өткізіп, жақсылық жасаудың маңызы жоғары екенін жеткізді. Имам қала тұрғындарына Ораза кезінде қатымдар мен астарды күндізгі уақытта беру дұрыс емес екендігін ескертіп, асты ауызашар уақытында беру сауапты іс болатынын айтты.

Кездесу соңында Мақсат қажы Алтыбай қасиетті айдағы құлшылық тәртібімен таныстырып, қала тұрғындарын қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға шақырды.

Семей қаласынының ақпараттық орталығы

 937 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *