IMG-20190429-WA0037
Семей.29.04.”Semeyainasy” – Семей қаласында жастар жылы аясындағы VIІ облыстық дәстүрлі “Студенттік көктем-2019” фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль орталық алаңда өз бастауын алды. Мұнда өңірдің жоғары және орта-арнайы оқу орындарының креативті кәсіптік бағдар алаңдары орналасқан.
6 ЖОО және 22 колледж өкілдері жоғары сынып оқушыларына өздерінің мамандықтары мен оқу орындары туралы таныстырды. Жалпы кәсіптік алаңдарға 6 мың мектеп түлектері қатысты. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде онлайн дауыс беру арқылы “жастар таңдауы” аталымы бойынша үздік жоғары оқу орны анықталады.
ШҚО ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығында іс-шараның негізгі мақсаты студенттердің қоғамдағы белсенділігі мен мәдени-шығармашылық әлеуетін арттыру, орындаушылық шеберлігін арттыру, дарынды студенттерді қолдау, облыстың оқу орындарының кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру болып табылатынын атап өтті.
Фестиваль Абай атындағы драма театрында өтетін VIІ облыстық дәстүрлі “Студенттік көктем-2019” фестивалінің Гала-концертімен аяқталады.
Концерт барысында студенттердің үздік шығармашылық ұжымдары 6 номинация бойынша марапатталады: ТжКБ мекемелері арасында “Үздік кәсіби алаң”, ЖОО арасында “Үздік кәсіби алаң”, ТжКБ мекемелері арасында “Үздік шығармашылық бағдарлама”, ЖОО арасында “Үздік шығармашылық бағдарлама”, “Студенттік көктем сұлтаны/аруы”.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда 14-29 жас аралығындағы 265 мың жас тұрады (қалада 166 мың, ауылдық жерлерде 99 мың). Бұл облыс халқының 19% құрайды. Бұл ретте жастардың 25% – ын студенттер құрайды. Облыстың 8 ЖОО мен 86 колледждерінде 66 548 студент білім алуда.
– Елбасы Н.А. Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамаларының үшінші бағыты бойынша жоспарланған 11 жатақхананың екеуі Семей қаласында ашылды. Қазір 9 жатақхананың құжаттары дайындалып жатыр. “Білікті маман” жобасы бойынша соңғы екі жылда өңірде қажетті мамандарды даярлауға облыс әкімінің арнайы гранттары бөлінуде. Бүгінгі таңда 646 жас грант иегерлері атанды. Жұмыстың оң нәтижесі қазірдің өзінде көрінеді , – деді жастар ресурстық орталығының ШҚО ІСБ Арайлым Есімбекова.

Соңғы екі жылда ШҚО түлектерінің шетке білім алуға шығуы үш есеге қысқарды(2016 жылы – 1800 адам, 2018 жылы-636 адам).

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 563 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *