20190427_111319

Семей.27.04.”Semeyainasy” – Семейде Шығыс Қазақстан облысының ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен Қазақстан Барысы республикалық турниріне іріктеу жарысы аяқталды. Облыстың әр аймағынан келген 20 дан аса палуан республикалық жарысқа берілетін жолдаманы сарапқа салды. Абсолюттік салмақ дәрежесінде бақ сынысқан боз кілем шеберлері жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

-Қазақстан барысы турнирі тарихында шығыс палауандары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола белбеу иегері атанған. Біздің спортшылардың байрақты бәсекеден белбеусіз қайтқан кездері болған емес. Биылғы жылы осы бір жақсы дәстүр өз жалғасын табады деп сенеміз,- деді облыстық қазақ күресі федерациясының вице-президенті Азат Сәрпеков.

Жарыстың фавориті саналған Ерасыл Қажыбав финалға дейінгі белдесулерін мерзімінен бұрын аяқтап, үш мәрте таза жеңіске қол жеткізді. Ақтық бәсекеде екі дүркін “Әлем Барысы” Айбек Нұғымаровпен кездескен Ерасыл, тәжірибелі қарсыласына ұпай бойынша есе жіберіп, екінші орынды қанағат тұтты. Жұбаныш белдесулерінде шеберлік танытқан Өскемен қаласының палауаны Жасұлан Мұхамедханов үшінші орынға жайғасты.

Алғашқы екі орынға тұрақтаған Айбек Нұғымаров пен Ерасыл Қажыбаев 1шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін “Қазақстан Барысы 2019” жарысында облыс намысын қорғайтын болады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 327 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *