аким субботник

Семей.01.04.”Semeyainasy” – Қала әкімі 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Семейде санитарлық-тазалық айлары өтетінін мәлімдеді. Е. Сәлімов тазалық жұмыстарына қаланың барлық тұрғындарын , соның ішінде мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, дүкендер, мейрамханалар, шағын және орта бизнес өкілдерін қатысуға шақырды. Алғашқы сенбілік 6-сәуір күні өтеді.

– Қыс мезгілінен кейін біз қаламызды ретке келтіруіміз керек, – деп атап өтті Ермак Бидахметұлы.

Қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев екі айлықты өткізуге барлық коммуналдық қызметтер дайын екенін айтты . Сенбіліктер сәуір және мамыр айларында өтеді. Қала тұрғындары тек өз учаскісін ғана емес, іргелес аумақты да ретке келтірулері керек. Қоқыстар “Биг бэги” деп аталатын арнайы үлкен қаптарға жиналатын болады.

-Екі айлықтың шеңберінде қоқыстарды жинап қана қоймай, ғимараттың қоршалған қасбеттерін ретке келтіретін боламыз , – деді ТКШ басшысы.

А. Өтелбаевтың айтуынша қалада 30 мыңнан астам ағаш отырғызылады. Жақында Өскемен қаласынан алғашқы көшеттер әкелінген болатын. Көше мен саябақтарда терек, шетен, сияқты ағаштарға басымдылық беріледі.

Е. Сәлімов бірінші сенбілік өткізілгеннен кейін учаскілік инспекторлардың қатысуымен рейд жүргізілетінін ескертті. Өз аумағын қоқыстан тазартпаған кәсіпкерлерге айыппұл салынады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 419 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *