20190327_180816

Семей.28.03.”Semeyainasy” – Семейде 16 мемлекеттік балабақшаның 5-уі сенімді басқаруға беріліп, екі мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жұмыс жүйесіне көшуге дайындалуда.

Қала әкімі Ермак Сәлімов балабақшаларды аралап, мектепке дейінгі мекемелердің ұжымымен және бүлдіршіндердің ата-аналарымен әңгімелесті . Тәрбиешілер , аспаздар және бала күтушілер қала басшысына инвестордың келуімен балабақшадағы жағдай бірнеше есе жақсарғанын айтты.

– Балабақшаны сенімді басқаруға беру туралы хабарды естігенде таң қалдық , – деді қала әкіміне “Айдана” балабақшасының тәрбиешілері. – Енді не болады деген қорқыныш сезімі болды. Бірақ біздің балабақша көз алдымызда өзгергенін көргеннен кейін қатты қуандық. Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаз, техника мен ойыншықтар сатып алынды. Жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған.

Барлық балабақшаларда ескі ұжым сақталған. Мекемедегі жас мамандар қала әкіміне МЖӘ шеңберінде біліктілікті арттыру курстарында оқуға және инвестор есебінен балалар конкурстарына қатысуға мүмкіндік пайда болғанын айтты.

– Біз ең алдымен балабақшаларда ұжымды сақтауымыз керек, – деп атап өтті Ермак Бидахметұлы. – Қазір мектепке дейінгі мекемелерді сенімді басқаруға бере отырып, біз инвесторларға қойылатын талаптарды күшейтетін боламыз. Өйткені біз үшін ең бастысы балаларымыздың дамуы және жайлы ортада білім алуы.

Балабақша қызметкерлерінің еңбектері жаңа басшылар тарапынан ескерусіз қалмауда. Егер кейбір мектепке дейінгі мекемелерде сыйлық берілсе, “Айдана” балабақшасында үздік үш тәрбиешіге Түркияға жолдама берілді.

Айта кетейік,барлық 5 балабақша қалалық білім бөлімінің бақылауында. Оның жетекшісі Наталия Фесенко мектепке дейінгі мекемелердің шатыры жөнделіп, бейнебақылау камералары орнатылып, материалдық-техникалық база жаңартылып жатқанын айтты.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Фото: Семей қаласының ақпараттық орталығы

 365 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *