Семей.25.02. “Seveyainasy” – Беларусь астанасы Минск қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында және жауынгерлік самбодан А санатындағы XXIII халықаралық турнирі, самбо күресінен Беларусь Республикасының ашық чемпионаты және Беларусь Республикасының Президентінің жүлдесіне арналған әлемдік бәсі жоғары жарыс өтті. Әлемдегі кіл мықты самбо шеберлерінің басын қосқан бұл жарысқа Семей спорт академиясының намысын Төлеген Нұрғалиев пен Руслан Жарқынбаев қорғады. Минск төрінде Руслан Жарқынбаев 82 келі салмақта қоладан медаль тақты. Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің әр түкпірінен 400-ге жуық балуан келіп, бақ сынаған болатын.
Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.
967 всего, 3