Семей. 28.02. ” Semeyainasy” – Семей Қалалық мәдениет сарайында Ақпан айының 28 күні Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығы,Астананың 20 жылдығына арналған «Топжарған» қалалық жыр мүшайрасы мен «Жас өрен» ақындар айтысы Семей қаласының мектеп оқушыларының арасында өтті.
Бұл байқаудың ерекшелігі сұырып салма жас бұындармен жазба ақындардың өнерін бір додаға топтастыру болды.Жыр мүшайра екі кезеңнен тұрды.Бірінші кезеңінде мектеп оқушылары жұп болып айтысса, екінші кезеңінде ақындар қаламынан тұған Астана айбынды қала,Шәкәрім Құдайбердіұлына және еркін тақырыпта жазған арнау өлеңдерін көсіле оқыды.
Айтыскер ақындардың қарсыласы жеребе бойынша анықталып, саяси дүниелерді,қызбен жігіттің айтысын,қоғамдағы өзекті мәселелерді шама шарқысына қарай айтып, айтысты қыздыра түсті.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі,еңбек жолы мен Астана тұралы оқыған өлеңдердің ішінен,Семей жазба ақындарынан оза шауып «Топжарған» байқауында бас жүлдені Темірлан Кәрімжанов иеленді.Сұырып салма айтыскер ақындардың арасында бас жүлдені Айшолпан Тілеужан қанжығасына байлады.
Дәстүрлі түрде өтетін «Топжарған» жыр мүшайрасы Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына арналған мектеп оқушылырының жыр қоржынын Семей жұртына көрсетуге зор мүмкіндік беріп, рухани жаңғыруға өз үлестерін қосты.
Нұрзат Ғалбият
1,060 всего, 3