Семей. 03.02. «Semeyainasy» –Бұл туралы аудан халқы зор мақтанышпен жеткізіп жатыр. Глубокое ауданы әкімінің халық алдында есеп беру де сөз алған ардагерлер кеңесінің төрағасы Любовь Романова 16 жылда 6 бірдей аудан әкімі шеше алмаған істің шешімін тапқан басшыларына ризашылығын білдірді.
Аудан халқының көңілін хош еткен жаңалық – жылу қазандығының құрылысы. Глубокое кентінде өткен ғасырдың 30 жылдарында салынған жылу электр орталығының әбден тозығы жеткен. Аудан әкімі Қалиқан Байғонысов 16 жыл бойы 6 бірдей аудан әкімі істей алмаған істің шешімін бірінші болып тапты. Істің барысымен облыс әкімі Даниал Ахметов та танысып қайтты.
– Бүгінде жаңа қазандыққа 2 га жер бөлініп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 3 миллиардқа жуық теңгеге салу жоспарланып отыр. Құрылыс жаңа технология бойынша жүрмек. Қатты отын арқылы сағатына 40 Гкал жылу шығаратын 3 бу генераторы орнатылады, – дейді аудан басшылығы.
Айта кету керек, жаңа жылу қазандығы кент тұрғындарына тұрақты әрі сапалы жылу беріп қана қоймай, құнының қымбаттатпауға ықпал етеді.
ШҚО баспасөз қызметі
538 всего, 3