KBST2501

2018 жылдың 1 ақпанында сағат 15.00-де Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Коллекционер қоржынынан» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді.
Көрме экспозициясында келушілерге тарихтың өткен кезеңіндегі қоғамның өмірі мен тұрмысының қилы аспектілері жайлы мағлұмат беретін, кешегі күнге сын көзбен қарап зерттеп-зерделеуге деген талпыныстары мен қызығушылықтарын арттыруға әсер ететін түрлі бағыттағы жинақтамалар мен өте сирек кездесетін ашықхаттар, пошта құттықтау хаттары, кітаптар, шай жинақтамалары, күйтабақтар, нумизматика және қуыршақтар жиынтығы, монеталар, маркалар, балалар ойыншықтары көрсетіледі.
Көрменің тақырыптық бірнеше бөлімдерінде олардың әрқайсысы өткен жылдардың ерекше уақыттары туралы айтылады. Сонымен қатар өрт сөндіру көліктерінің жиынтықтары қойылып, өлкетанушылар Рыковтар отбасының жеке жинағынан әр ұлттың ұлттық киімдегі сәндік қуыршақтары, мерейтойлық кесте медальдары, вексельдер топтамалары мен Жуковтар отбасы жинағынан шамдар мен фарфордан жасалған мүсіндердің жиынтықтары көрермендерге ұсынылады. Мыңға жуық жәдігерлер қойылған көрме тарихи фактілер мен оқиғалардың куәсі ретіндегі бірегей болғандықтан, келушілердің қызығушылықтарын тудырады деген ойдамыз.

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғылыми-әдістемелік және көпшілікпен экскурсиялық жұмыстар» бөлімінің меңгерушісі Гүлнұр Шалатайқызы

 400 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *