IMG-20180110-WA0030

Семей. 18.01. “Semeyainasy” – Қаламыздағы мемлекеттік №2 «Айдана» балабақшасы сенімді басқару негізінде жекеменшік мекемеге айналмақ. Алайда балабақша бүлдіршіндерінің ата-аналары бұл шешімге түбегейлі қарсылық танытып отыр. Осыған байланысты бүгін орталық кітапханадағы баспасөз орталығында білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Оразбекова, «Алтын бесік» жеке-меншік балабақшасының құрылтайшысы Еділ Рахымғалиұлы, қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова журналистер мен ата-аналармен кездесіп, түйіткілді мәселенің шешімін табуға тырысты.

IMG-20180118-WA0016

«Айдана» балабақшасының ата-аналар комитеті төрағасы Рая Масаеваның айтуынша, әкімшілік комиссия мүшелері шешім қабылдамас бұрын олардың пікірімен санаспаған. Ал екінші тарап болса, мемлекеттік-жекеменшік негізінде балабақша құру мемлекет тапсырмасы екенін айтуда.
«Алтын бесік» жеке-меншік балабақшасының құрылтайшысы Еділ Кенжеғалиев:
-Мемлекеттік балабақшаларда жасаған жағдайды біз де жасай аламыз. Екеуінің айтарлықтай айырмашылығын көріп тұрған жоқпын. Мәселен, 2017 жылы Семейдегі «Айналайын» жеке-меншік балабақшасы мектепке дейінгі балаларды оқыту мекемелерінің арасында «Ең Үздік балабақша» номинациясын жеңіп алды. Біздің шағын орталықтың тәрбиеленушілері жыл сайын Алматы, Астана, Шымкент қалаларында өтетін сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізіп келеді. Балалардың барлық шығындарды балабақша есебінен өтелді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оларды сапалы біліммен қамтамасыз етуге барымызды салып жатырмыз.
Басқасуда айтылғандай, тендер қорытындысы 23 қаңтар күні жариялануы тиіс. Балабақша сенімді басқаруға берілгенімен, мемлекет қарамағында қала бермек. Бұл шешімге келіспеген ата-аналар ендігі уақытта сотқа шағымданбақ.

Ғанибек Түсіпбек

 887 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *