Семей. 15.01. “Semeyainasy” – Кеше «Инстаграм» әлеуметтік желісінде Шәкәрім атындағы мемелекеттік университетінің ректоры Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы «Shakarim.university» парақшасының оқырмандарымен тікелей эфирде сұхбаттасты. Сұхбат барысында көбінесе Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына қатысты көптеген сауалдар қойылып, ректор тарапынан тұщымды жауап алынды. Сондай-ақ Семейдің бір топ белсенді студенттері мен ұстаздар қауымы Мейір ағаға өздерінің алғыстарын білдіріп, толғандырып жүрген бірнеше сұрақтарын еш қысылмастан , жазабаша түрде өз ойларын еркін жеткізе алды. Осындай ресми емес тікелей эфирлер жиі ұйымдастырылса, осы киелі шаңырақты басқарып отырған білікті басшы мен жастардың арасындағы байланыс нығая түсетіні сөзсіз.
Ғанибек Түсіпбек
939 всего, 3