800px-Raitersaich_SK_DSC_0028

Семей. 21.12. «Semeyainasy» – Семейде электр энергиясының тарифі тағы да қымбаттауы мүмкін. 2018 жылдың 4 қаңтарынан бастап жарық құны 8,5 пайызға көтеріледі деген болжам бар. Бұл туралы электр энергиясын сату тарифтеріне арналған қоғамдық тыңдауда белгілі болды.

Қоғамдық тыңдауға «Шығысэнерготрейд» ЖШС директорының орынбасары Мстислав Мартемьянов, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Шығысэнерготрейд» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментіне 2018 жылдың 4 қаңтарынан бастап жарық тарифін жоғарылатуға өтінім берген. Осы орайда энергетиктер электр жарығының құнын тағы да 8,5 пайызға, яғни 1 кВт-сағат үшін 12,055 теңгеге көтеруді сұрап отыр.

Жарық құнының өсуіне серіктестіктің банк алдындағы қарызы мен басқа да шығындары себеп болып отырғанын айтады «Шығысэнерготрейд» ЖШС директорының орынбасары Мстислав Мартемьянов.

Ал қоғамдық тыңдауға келген тұрғындар қарызды тұтынушылар есебінен қайтару дұрыс еместігін атап өтті.

 

Айзада Сламбаева

 568 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *