IMG-20171128-WA0008

Семей. 28.11. «Semeyainasy» – Семейде қазақтың өнерін, музыкасын дамытып, жаңа белеске көтерген композиторлар көп болған. Олардың жазып кеткен шығармалары әлі күнге дейін қазақ музыкасының алтын қорында сақталып, мәңгілік өлмейтін туындылар қатарында. Бүгін осыған орай, қаламыздағы Достық үйінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күні және Астана қаласының 20 жылдығына арналған Семей өңірінің жергілікті сазгерлер әндерінің 1-ші қалалық фестивальі өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында өткізіліп жатқан фествальдің негізгі мақсаты – өскелең жас ұрпаққа  жергілікті композиторларымызды және олардың шығармаларын насихаттау.

IMG-20171128-WA0007

Семей шаһарының мақтанышына айналған композитор, әнші, ұстаз Тұрсынғазы Рахимов, қазақ әнінің ақбұлағы Болат Сыбанов, «Семей тау» халықтық фольклорлық ансамблінің негізін қалаушы дирижер, күйші, сазгер Рахымбек Ноғайбаев, аспаптық жанр шығармаларының авторы  Андрей Пустовгаров сынды азаматтардың халық жадында сақталған, құлақтан кіріп бойды алар есті әндері шырқалды.

Шара барысында Семей қалалық Мәдениет Сарайының «Ахау Семей» ансамблі, достық үйінің этно-мәдени орталықтарының әншілері,қаламыздағы дәстүрлі ән орындаушылары мен жергілікті өнерпаздар өнерлерін көпшілік алдында паш етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі жылы жергілікті сазгерлер әндерінің фестивалін халықаралық деңгейде өткізу жоспарланып отыр.

Ғанибек Түсіпбек

 382 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *